О нас

 

Балабақшаның басты мақсаты – дені сау, жан-жақты, білімі мен тәрбиесі қалыптасқан жас ұрпақ өсіру. Мұндағы ұжым сол мақсатты орындау жолында қажырлы еңбек ету үстінде. Тал бесіктен басталатын бала тәрбиесін бүгінгі заман талабына сай жетілдіру мақсатында бөбекжайда өзінөзі тану, музыка, бассейн, би, спорт залдары қарастырылған. Бұл мектепке дейінгі білім беру орны заманауи талаптарға сәйкес әдістемелік, материалдық құрал жабдықтармен толық қамтылған. Ұйымдастырылған оқу қызыметтерін жаңа мультимедиялық құралдармен, интерактивті тақталарды қолдану арқылы жүзеге асып отырады. Сондай-ақ, тәрбиеленушілерге салт-дәстүрді сақтау қағидасымен бірге, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген принцип бойынша тіл үйрету мәселесіне үлкен көңіл бөліп отыр. Олар 2016-2017 оқу жылындағы стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелерді ескеріп. Тәрбиешілер бүлдіршіндерді заманауи біліммен қамтамасыз етуден бөлек, шығармашылық мүмкіндіктерін ардайым жетілдірумен айналысып келеді. Оған дәлел, қалалық, аудандық түрлі жарыстарда балалар үнемі елеулі жетістіктермен көзге түсіп жүргендігі. Бастысы атқарылып жүрген істер жас ұрпақтың ұлтжанды болып өсуіне ықпал ететіні белгілі. Балабақшада ата-ана мен тәрбиешілер біріге еңбектеніп, ашық сабақтар, мерекелік ертеңгіліктер, әр түрлі іс-шараларға қатысады. Білім беруде қандай да бір нәтижеге қол жеткізу жолында ата-ана мен педагог арасындағы тығыз байланыс маңызды рөл атқаратыны анық. Осы негізде ата-ана мен бөбекжай арасындағы ықпалдастық пен қарым-қатынас орнатып, бір мүддеге еңбек етсе, баланың ой-санасы жетіле түсіп, жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашылатыны белгілі. Осы бір мүдде барысында «Биле-биле», «Ал қәнекей аналар», «Екі жұлдыз» «Ең үздік топ», «Ең көрікті аула», «КТК» сайыстары мен отбасылық спорттық «Әкем, шешем және мен», «Толағай» атты салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған көптеген іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Көктемнің алғашқы жайма шуақ күндерімен бірге асыға күткен қазақтың жыл басы Наурыз мерекесін No60 «Арай» балабақшасы «Қош келдің - Наурызым» атты іс-шарамен ерекше атап өтті. Онда бөбектер өз өнерлерін паш етіп, ата-аналарын қуантты. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтайтын ұлыстың Ұлы күнінде «Қонжық» тобының ата-аналары да өз үлестерін қосып, өнерлерін ортаға салып, салт-дәстүрді жаңғыртып, қызықты бағдарламаларға белсене қатысқан. 2016 жылы Отбасы күніне арнап ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы үлгілерін дәріптеу мақсатында өткізілген байқауға «Жұлдыз-ай» тобының ата-анасы Ахметова Айнұр 2 жасар қызы Іңкәрмен қатысып алғыс хатқа ие болды.Бұл жетістіктерге ата-аналар мен мектепалды білім ордасының бірлесе жұмыс атқару нәтижесінде қол жеткізгені айқын көрінеді.